№11 Қалалық емханасы 1988 жылы ашылды және Алматы қаласы Жетісу ауданының халқына ересектер,әйелдер және балаларға бір мезгілде бастапқы медициналық-санитарлық көмек , кеңес беру – диагностикалау, соның ішінде мамандандырылған көмек көрсететін аралас типтегі алғашқы емхана болып табылады. Барлық бекітілген халық саны -64469 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны -115136 құрайды.Бұдан басқа осы аумақта орналасқан 6 мектеп және 8 мектепке дейінгі мекемелерге қызмет көрсетеді.Емхананың жобалық қуаттылығы 1 ауысымға 500 адам, бірақ бүгінгі таңдағы 1 ауысымда келушілердің нақты қуаттылығы 742-148,4% құрайды , қабылдаулар екі қабатты жалпы ауданы 8147 кв. метрді құрайтын ғимаратта жүргізіледі.

Миссиясы: Заманауи диагностикалық, емдік профилактикалық және медициналық әлеуметтік технологиялар негізінде пациенттердің қажеттілігіне жауап беретін жоғары сапалы медициналық көмек көрсету.

Біздің пайымдауымыз: ШЖҚ «№11 Қалалық емханасы» МКК –денсаулық сақтау саласында инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыруға негізделген, сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсететін ,бәсекеге қабілетті ,динамикалық түрде дамушы ұйым.

Біздің ұранымыз: "Сапасы, қол жетімділігі, үздіксіздігі және қауіпсіздігі - біздің халыққа".

ШЖҚ «№11 Қалалық емханасы» МКК құндылық жүйесі

  • Пациент – назарда
  • Қауіпсіздік
  • Жауапкершілік
  • Ұжымдылық
  • Айқындық
  • Кәсіптілік

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек жүзеге асырылады:

  • 19 жалпы практика дәрігері (ЖПД), учаскелік дәрігерлер арасында ЖПД дәрігерлерімен қамтылған пайыздық қатынасы-67,9%,әр учаскеге бекітілген тұрғындар саны орташа есеппен 2000 адамды құрайды, оның 1500 ересектер және 500 бала.
  • 7 терапевт учаскесіндегі терапевт –дәрігерлеріне бекітілген тұрғындар саны 3000 адамнан кем емес.
  • 5 педиатрлық учаскесіндегі педиатр дәрігерлеріне 1 педиатр учаскесіне бекітілген бала саны 1000 –ға жуық.

Емхана жұмысының басты мақсаты- бекітілген халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясындағы қажеттілігін қанағаттандыру, халықтың мамандандырылған көмек көрсетуге қажеттілігін БМСК деңгейінде басқарылатын жағдайлар бойынша , БМСК дәрігерлерінің пациенттерді кәсіби мамандарға кеңес алуға жолдама беруін азайту жолымен төмендету.Осы мақсатпен терапевтерден 2 дәрігер неврология бойынша алғашқы мамандандыру курсынан , 3 дәрігер кардиология бойынша ,2 дәрігер эндокринология , 2 дәрігер балалар инфекциялық аурулары және 1 дәрігер герантология, 1 дәрігер функционалды диагностика бойынша ,1 дәрігер инфекциялық аурулар бойынша алғашқы мамандандыру курсынан өтті.

Халыққа мамандандырылған көмек көрсету қажеттілігін есепке ала отырып, дәрігерлердің, мейірбикелердің және психологиялық-әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінің үздіксіз біліктілігін көтеру жүйесі ендірілді.

Емханада 20-дан астам маман қабылдау жүргізеді. Пациенттерге жылжымалы кесте бойынша қызмет көрсетіледі: жай күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін алдын- ала жазылу бойынша, сенбі күні сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері кезекші дәрігер қабылдайды.Учаскелік дәрігердің ролін көтеру және тар мамандарға негізсіз жүгінуді азайту үшін ,яғни кардиолог пен неврологқа емханада тар мамандарға учаскелік жүйе арқылы жолдау сызбасы ендірілген.Пациенттерді қосымша диагностикалық тексеруден өтуге жолдау, диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес тек көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

Туатын жастағы әйелдерді сауықтыруды жақсарту мақсатында , №11 ҚЕ 2016 жылдан инновациялық технология – гинекологиядағы Криохирургия енгізілді.

  • Тіндер ошағы патологиясын емдеу әдісі (жатыр мойнағы эрозиясы, набот безі жылауығы) медициналық көмірқышқылымен әсер ету. Бұл- пациент үшін өте ауыртпайтын, ауырмайтын және қансыз әдіс.

Егде тартқан тұлғаларға медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігінің жақсаруына байланысты , №11 ҚЕ бөлек тіркеу бөлімімен геронтологиялық орталық ашу жоспарлануда.

ҚР ДСМ және ӘД 01.04.2013 жылғы №211 « Пилотты аумақтарда созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару Бағдарламасын ендіру туралы» бұйрығы негізінде, №11 ҚЕ « Артериялық гипертензия ауруына бағытталған ПУЗ Бағдарламасы» пилотты жобасына енгізілді.

Бұйрықты орындау мақсатында төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

  • Бас дәрігердің бұйрығы бойынша төмендегі құрамда мультидисциплинарлы топ құрылды: үйлестіруші, терапевт, кардтолог-дәрігері, СӨС дәрігері, СӨС мейірбикесі, медициналық мейірбикелер, психолог, өзін-өзі мененджменттеу жатықтырушысы.
  • Мультидисциплинарлы топтың әр мүшесіне функционалды міндеттерін бөліп беру:
    • Үйлестіруші- топтың жетістігі мен мақсатына жетуіне жауап береді.

БМСК деңгейінде пациенттерге қызмет көрсету үшін қазіргі кезде амбулаторлық хирургия Орталығын ашу туралы мәселе жасалу үстінде.Емханада 14 құрылымдық бөлім және 4 мамандандырылған кабинет, клиникалық-диагностикалық зертхана,бекітілген халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша медициналық көмек көрсететін 34(ересектерге, гинекологиялық) төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Кодексінің «Денсаулық сақтау жүйесі және халықтың денсаулығы туралы»58 бабы 3 тармағына сәйкес емханада 2015 жылы пациенттерге қолдау көрсету және ішкі аудит қызметі ұйымдастырылды.

Халықтың әр түрлі жастағы, жыныстағы топтары (балалар, ересектер, әйелдер) бастапқы медициналық көмек көрсетуді бір емдеу-профилактикалық мекеме жағдайында алады.Емхана жұмысы бірыңғай терапевтік-педиатрлық, акушерлік-гинекологиялық учаске принципі бойынша ұйымдастырылған ,емдеу-диагностика жасау процесін толық көлемде жүзеге асыратын 5 АТПК ұйымдастырылған.Медициналық бақылаудың реті нақты сақталады:балалық, жасөспірімдер қызметі, балалар және жасөспірімдер гинекологиясы , әйелдер кеңесханасы, ересектер қызметі.

Емхана қазіргі талаптарға сай УДЗ-аппараттарымен , сүт бездері, кеуде жасушасы ағзаларын тексеруге арналған сандық аппараттар, клиникалық-зерттеу талдамалары үшін заманауи анализаторларымен, ішкі демалу функциясын анықтау үшін спирографтармен, орталық жүйке жүйесінің жұмысын тексеру үшін электроэнцефалографпен,мониторинг жасау және жүктемемен ЭКГ жабдықталған.Емханада пренаталды кезеңдегі скрининг УДЗ-3 жүргізіледі.

Мақсатты бағдарлама бойынша хадық арасында салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру бойынша « Денсаулық»кешенді бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында , №11 ҚЕ мінез-құлық қаупі факторы және салауатты өмір салты мектебі : артериалды гипертензия, қант диабетң, бронхты демікпе мектептері бекітілген жұмыс жоспары бойынша жұмыс істейді.

Отбасын жоспарлау және дені сау бала кабинттері,сондай-ақ емханада «Сенім » кабинеті жұмыс істейді.Мұнда егу құралдары, мүшеқап , залалсыздандыру құралдары, ақпараттық –білім беру материалдары беріледі, ЖИТС-қа анонимді тестілеу жүргізу кабинеті , тестіге дейін және тестіден кейін халықты және пациенттерге кеңес беру жұмысын жүргізеді.

Емхана ұжымында 300 адамнан өз ісінің майталманы болып саналатын көптеген мамандар жұмыс істейді: 3 медицина ғылымының кандидаты, 12 денсаулық сақтау үздігі, барлық дәрігерлер мен мейірбикелер жоғары, бірінші және екінші санаттағылар; 2 дәрігер Қазақстан дәрігерлері мен провизорлары Ассоциасының «Алтын дәрігер» атағын алғандар. 2004 жылы емхана көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапасы үшін «Қазақстан дәрігерлері мен провизорлары Ассоциасының Қоғамдық сапасы» белгісімен марапатталды.

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар байқауына №11 Қалалық емхана қатысып, «Қаланың ең үздік емханасы» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді, 2012 жылы салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмысы бойынша жақсы үлес қосқаны үшін «Асыл алма » белгісімен марапатталды.

ҚР ДСМ және ӘД РҚЕ ШЖҚ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы»2016 жылдың 1- жартыжылдығындағы рейтинг нәтижесі бойынша №11 қалалық емханасы ҚР аралас типтегі емханалар арасында бірінші орынды жеңіп алды.

Бас дәрігер :

  • Жүнісова Майра Әскербековна, жоғары санатты дәрігер

Бас дәрігердің емдеу- профилактика ісі жөніндегіорынбасары:

  • Амурказинова айнаш Тлеубековна, жоғары санатты дәрігер

Бас дәрігердің сапаны бақылау ісі жөніндегі орынбасары:

  • Каркинбаева Роза Оруновна, жоғары санатты дәрігер

Бас дәрігердің емдеу- профилактика ісі жөніндегі орынбасары (балалар ісі ):

  • Ардабаева Алмаш Наухановна , жоғары санатты дәрігер

Емхананың бас мейірбикесі міндетін атқарушы:

  • Алменова Нургуль Жылкыбаевна, жоғары санатты мейірбике