Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

Міндетті егулер

Қазір әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан мәселелердің бірі екпеге міндеттеу мәселесіне қатысты ата аналардың протесті болып отыр.

Мен Тажиева Қатия Нұрыллақызы – 25 жылдық тәжірибесі бар бала дәрігері және иммунолог ретінде өз ойымды айтуды жөн көрдім.

Қазіргі таңда екпемен басқарылатын жұқпалы аурулардың 10 нан астам түріне қарсы екпелер егіледі. Соңғы жылдары дифтерия, сал сіреспе, көкжөтел ауруларынан өлімшілік жоқтың қасы, бұл нәтижеге көп жылдар бойы жасалған белсенді вакцинациялаудың арқасында жетіп отырмыз. Балаларда бұрын жиі кездесетін пневмония, вирусты гепатиттің А түрі ауруы да күрт азайды. Қазіргі күні екпеден бас тарту қаркындап кетті. Оның негізгі себебі ата-аналардың дұрыс ақпарат алмағандығы және аталған жұқпалы ауруларды өмірінде кездестірмегендігі себепті.

Біз медицина қызметкерлері еңбек тәжірибемізде аурулардың көптеген түрін, соның ішінде сал ауруынан кейінгі парез-параличпен мүгедек болған науқастар, көкжөтел ауруының ауыр формасында құлақ, көз, мұрыннан қан кетулермен қатар ұстамалы жөтелдің 5-6 айға дейін созылуы, қызылша ауруынан энцефалитке, менингитке асқынулар, қызамық (краснуха) жұқпасын жұқтырған жүкті әйелдін көптеген ақаулармен (таңдай мен үстіңгі еріннің бітіспеуі, жүректің туа біткен ақауы т.б. ) сәбиді дүниеге әкелуі сияқты жағдайлар өте көп кездестірдік, айта берсек мұндай мысалды мыңдап келтіруге болады.

Шынымен де вакцинациядан кейін кездесетін жағымсыз әсерлерді жоққа шығармаймыз. Екпеге келген баланың денсаулығын дәрігер жиынтықты дұрыс бағаланып егілетін болса жағымсыз әсерлер болмайды. Бірақ кез келген ауруды екпемен байланыстыру да дұрыс емес. ДЦП, аутизм, миға қан құйылу сияқты аурулар құрсақ ішілік инфекцияның салдарынан, жүктілік кезіндегі сыртқы, ішкі факторлардан дамуы әбден мумкін.

Сондықтан мен педиатр, иммунолог, көп балалы ана ретінде екпе егудің бала денсаулығы үшін өте маңызды екенін айтқым келеді! Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!