С гепатиті
С гепатиті есірткі қолданатын адамдардың арасында көп тараған, әр түрлі адамдардың бір инені көп рет қолдануында, ауруды жұқтыру қаупі жоғары болады.Бүгінгі таңдағы практика осы ауруды жұқтыру қаупін барлық жақсы отбасынан шыққан, әл-ауқатты адамдарда да болатынын көрсетті.Жұқтыру жағдайлары донор қанын құю,сондай-ақ анадан ұрыққа берілетіндігі дәлелденді.С гепатитін маникюр ,татуировка, құлақты тескенде,пирсинг жасағанда ,ине салу кезінде де жұқтыру қаупі болатынын көбісі біле бермейді.Бұл жағдай осы процедураларда қолданылатын құралдары арнайы зарарсызданбағандықтан болады.С Гепатиті –вирустық ауру,ол бауырдың ісінуіне әкеп соғады.
Аурудың жұқтыру қаупіне жататын факторлар:
- Есірткі қолдану;
- Денсаулық сақтау немесе тамақ өнімдері сферасындағы жұмыс;
- С гепатитімен ауырған науқаспен қорғанбай жыныстық қатынасқа түсу;
- Ота жасау;
- Қан құю;
- Ұзақмерзімді бауыр диализі;
- Жеке тазалық құралдарын ортақ қолданғанда;
Белгілері
С Гепатитін диагностикалау аяқасты болуы мүмкін,өйткені бұл аурудың белгілері болмайды. Ауруға тән емес белгілер болады, бұндай жағдайда , ауруды тоқтату үшін вирусқа сараптама жасату керек .Егер ауруды ерте сатысында анықтаған жағдайда, оны емдеп жазуға болады.Мұндай белгілерге үнемі әлсіз болу, шаршау жатады.Кейбір жағдайда мынандай белгілер де болуы мүмкін:
- Іштің кебуі және ауруы;
- Тәбетінің болмауы және салмағын жоғалту;
- Құсу;
- Терінің қышуы;
- Қызба;
- Зәрдің қараюы
Гепатит тек бауырды ғана емес, басқа да адам өміріне маңызды органдарын(бүйрек,тамырлар,көз, жүйке және эндокринді жүйені,қан айналым жүйесін)қозғауы мүмкін.Егер вирус адам денесінде бірнеше жыл болған болса,бауырда білемелер пайда болады(бауыр циррозы). Циррозға дейін науқаста аурудың ешқандаай белгісі болмауы мүмкін.
С гепатитінің басқа гепатиттерден айырмашылығы,бұл өте зиянды ауру.Жұқпа үнемі қанда болады ,егер үнемі тексеруден өтіп тұрмаса ,онда ауру асқынған жағдайда пациентте бауыр циррозына ,одан кейін обырға айналады.
Бұл диагноздың ең қауіпті ерекшелігі ,вирус бауырдан миға баратын жүйке импулстерін бөгейді және организмнің ауру екенін түсінуге және қорғану шараларын жасауға мүмкіндік бермейді.Сондықтан осындай диагноз қойған адамдар көбнесе соққы алып,болып жатқан жағдайларға сене алмайды.
С гепатитін диагностикалау
Адамның ауру немесе ауру емес екендігін қалай білуге болады?
Диагноз қоюдағы басты аргумент зертханалық тексеру болып табылады.Ол үшін осы вирустың түріне антиденелерді анықтау үшін анализ өткізіледі.
С гепатитін емдеу
Ауруды диагностикалағаннан кейін ауруды емдеу курсы тағайындалады, бұл жағдайда терапия ұзақтығы мен дәрі-дәрмек дозасы қатаң түрде жеке дара болады.Ауруды емдеудің тиімді жолы таңдалған жағдайда сауығу 40-80%.құрайды. Ал нәтиже тек дәрігерден ғана емес науқастың өзіне де байланысты екенін ұмытпау керек.
Қазіргі таңда медицина осындай қатерлі аурумен күресте нелерді ұсынады екен?
С гепатитін емдеуде қазіргі кездегі ғылым интерферондарды қолданады,бұл адам ағзасынан кез-келген жұқпалы аурулар анықталған жағдайда бөлінентін зат.Интерферон вируспен күресте адамның иммундық жүйесіндегі жұқпаны өлтіруге қабілетті ферменттер шығаруға көмектеседі
Аурудың созылмалы формасымен ауыратын науқастарды емдеу ұзақтығы 12 және одан көп айларға созылуы мүмкін.Бұл ауру науқастың өміріне өзгерістер әкелуі мүмкін, бірақ олар өте маңызды емес болады. Жұмыс істеуге,туыстар,достармен араласуға, бала тууға болады.Естен шығармайтын бір нәрсе, бұл диагноз үкім емес, дәрі-дәрмекпен емделу өзінің оң нәтижесін береді.
Бұл вирус сүйісу,сөйлесу, құшақтасу және ортақ ыдыспен қолдану арқылы жұқпайды.Пациент өзінің тұрмыс-тіршілігіне кейбір түзетулер енгізіп ,толық өмірімен өмір сүреді.Әрине, арнайы емдәм ұстап,дәрі-дәрмек ішуге тура келеді.
Егер кейбіреулерге бұл жағдай жабырқаулық туғызса, онда ол аурудың ауыр түрімен немесе қозғалысы, сөйлесуі шектеулі , отбасын құра алмайтын жандар туралы ойлану керек.Барлығы салыстырмалы жағдайда ғана түсінікті болады.
Естеріңізде болсын, С гепатитімен ауырған науқастардың өмір сүру ұзақтығы мен өмір сүру сапасы сау адамдардың өмірінен еш айырмашылығы жоқ.