Психологтың өткізген іс-шаралары жөнінде ақпараттар
Султанова Жигагуль Бекмуратовна
Бөлім меңгерушісі
Аурудың алдын алу және әлеуметтік – психологиялық көмек көрсету бөлімінің негізгі міндеті – Денсаулық сақтау саласын дамыту «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «№11 қалалық емхананың»
БМСК жұмысын жетілдіру.
Аурудың алдын алу және әлеуметтік – психологиялық көмек көрсету бөлімінің негізгі бағыттары болып:
I.Ұлттық скрининг компаниясының скрининг тексеруінің 9 түрі бойынша аурудың алдын алу іс-шараларын сапалы жүргізу:
1) Қан айналу жүйесіндегі ауруларды ерте кезден анықтау скринигтік тексеруі (артериалды гипертония , жүрек ауруы ) және қант диабеті (бұл аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрмаған 40 жастан 64 жасқа дейінгі әйелдер мен ерлер -2 жылда 1 рет );
2) Көзішілік қысымын өлшеу скринигтік тексеру 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы Әйелдер мен ерлердің көзішілік қысымын өлшеу;
3)50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы әйелдердің сүт бездерін рентгенологиялық зерттеу (маммография), айгақтар бойынша онкологқа, маммологқа қаралу;
4) ·30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдерді патологиялық өзгерістерді болдырмау үшін жатыр мойныныц суртіндісін цитологиялық зерттеу;акушер – гинекологқа, айғақтар бойынша кольпоскопиялық қаралу;
5) 50, 52 ,54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы ерлер мен әйелдер жуан және тік ішек ауруын ерте анықтау мақсатымен нәжісті жасырын қанға тестілеу;
6) 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастагы ерлер мен эйелдердің асқазан және өңеш қатерлі ісіктерін ерте сатысында анықтау мақсатында тексеру (ФГДС);
7) Бауыр қатерлі ісігін ерте сатысында анықтау мақсатыменвирусты гепатит В жэне С жылына 2 рет ультра дыбыстық зеттеу жэне альфа – фетопротеинге тексеру жүргізу.
8) 50, 54, 58, 62, 66 жастағы ер адамдар қуық және қуық асты безініц қатерлі ісіктерін ерте сатысында анықтау мақсатында тексеру;
9) Балалар ауруын ерте уақытында анықтау;
Бүл зерттеулер жүрек-тамыр ауруларын, сусамырды, глаукоманы, гепатиттерді, сонымен қатар инсульт, инфаркт, загиптык, бауьір циррозы мен обыры, тоқ ішек обыры, сүт безімен жатыр мойны обыры сияқты аурулардың қатты асқынуына, және де осы аурулардан мезгіліне жетпей оліп кетуге жол бермеуге болатын кезінде анықтауга мүмкіндік береді.
II.Салауатты өмір салтын құру және енгізу жұмысы бойынша .
Денсаулық сақтау саласын дамыту «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік кешенді бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «№11 қалалық емханада» халық арасында салауатты өмір салтын құру бойынша 9 мектеп жұмыс істейді.
- артериалды гипертония;
- Қант диабеті мектебі,
- Бронхтық демікпе мектебі;
- Келешек ана мектебі;
- Климакс мектебі;
- Мінез-құлық факторы мектебі;
- Отбасын жоспарлау мектебі;
- Сау бала мектебі;
- Қарттар мектебі.
Бұл мектептерде пациенттер салауатты өмір салты ұстанымдарын сақтауға, өздерінің аурулары туралы білімдерін жетілдіреді.
Бөлім құрамында дәрігерге дейінгі кабинет жұмыс істейді.онда дәрігердің қабылдауына дейн көмек сұрағандарға шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсетіледі.