Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй

ЖРВИ және жүктілік

12 қараша 2015 жылы «ЖРВИ және жүктілік»тақырыбы бойынша бейнетаспа көрсетілімімен СӨС дәрігері Мамырова М.Ш. және психолог Чурбанова А.Д. болашақ аналарға арналған семинар – тренинг өткізді.

Тренинг барысында ЖРВИ профилактикасы, жүктілік кезіндегі ЖРВИ ауруының салдары мәселелері қаралды.

Жүктілік кезіндегі ЖРВИ профилактикасы

Көптеген дәрігерлер , кез – келген ауруды тіпті жүктілік кезіндегі ЖРВИ ауруын емдегеннен гөрі ескерткен жеңілірек деп санайды.

Негізгі профилактикалық шаралар:

  • Ауыз қуысын шаю. Үйге келген соң ауыз қуысын шөп қайнатпасымен немесе қырмызыгүл, түймедақ, эвкалипт тұнбасымен (20-30 тамшы 1 стақан жылы суға)шаю керек.
  • Гигиена. Жүктілік кезінде ЖРВИ ауруымен ауру қаупі туғанда қолды сабынмен тазалап жуу аурудың басымдылығын төмендетеді.
  • Бөлменің ауасын тазалау. Далада ауа райы суық болса да жүкті әйел көп болатын бөлменің ауасын күніне 2-3 рет желдетіп отыру керек. Өйткені жылы ауа мен жоғары мөлшерде ылғалдылық вирустардың көбеюіне және ЖРВИ ауруын шақырады.Вирустардың өмірін қиындатып,болашақ аналардың өмірін жеңілдетіңіздер!
  • Дәрумендерді қабылдау.Дәрумендік препараттар , әсіресе арнайы жүктілік кезінде қабылдауға арналған ,ағзаның қорғаныс күшін нығайтады,жүкті әйелді ЖРВИ ауруынан сақтайды.
  • Жуқтыру қаупін төмендету.Егерболашақ ана отбасының бір мүшесі ауырып қалса,оны тез арада жұғуына жол бермеу шараларын жасау керек.Мысалы:арнайы медициналық маскалар қолдану.ЖРВИ ауруының профилактика жасау көмекшілері ретінде фитоцидке бай уақ туралған чеснок пен пияз. Оларды кішкентай тәрелкелерге салып жүкті әйел болатын барлық бөлмелерге қою керек.

Өз-өзіңізді күтіңіз! Дені сау ана – дені сау бала!