№3 жалпы тәжірибе дәрігерлері бөлімшесі
Бөлімнің міндеттері:
- Бекітілген аумақ халқына емхана және үйде мамандандырылған көмек көрсету;
- Емханада балаларға және үйге барып та емдеу-аурудың алдын алу кешенді және реабилитациялық іс-шараларын өткізу;
- Халыққа кепілді ақысыз медициналық көмек көрсету аясында жеңілдікпен берілетін препараттармен қамтамасыз ету;
- Диспансерлік бақылауға алу (ауруын анықтау , есепке алу, динамикалық бақылауға алу, емдеу-сауықтыру шаралары);
- Халыққа аурудың алдын алу егу жұмыстарын жүргізу, (дифтерия, сіреспе, көкжөтел, полимиелит, туберкулез, қызылша, қызамық, паротит және т.б.);
- Халықты аурудың алдын алу тексеруінен өткізу;
- Халық арасында салауатты өмір салтын ұстану мәселесі ,жағымсыз қылықтармен күрес мәселелері бойынша санитарлық- ағарту жұмыстарын жүргізу;
- Уақытша еңбекке жарамсыздығы жөнінде экспертиза жүргізу;
- Санитарлық –курорттық емдеуді рәсімдеу;
- Стационарлық емдеуге жолдамалар рәсімдеу;
- «Көкірекпен емізу, артериалды гипертензия, ИБС және қант диабеті мектебін ұйымдастыру және өткізу».