Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

Отарғалиев Нұрлан Таңжарықұлы

Директор

Отарғалиев Нұрлан Таңжарықұлы, 1983 жылы 13 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. 2000 жылы Алматы облысы Ә.Қастеев атындағы орта мектепті үздік бітірді. Сол жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУға “Педиатрия” мамандығына түсіп, 2007 жылы “Педиатрия”мамандығы бойынша интернатураны бітірді.

2014 жылы ҚМУ ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша бітіріп, магистр дәрежесі берілді.

2016 жылы Алматы менеджмент университетін Қаржы мамандығы бойынша бітіріп, бакалавр дәрежесіне ие болды.

2006-2010 жылдары МТ ФАРМ ЖШС – де логистика бойынша менеджер лауазымында жұмыс істеді.

2010-2013 жылдары ҚР ДСМ КМУ департаментінде жетекші маман, бас маман лауазымында қызмет атқарды.

2013-2015 жылдары Онкология және радиология ҚазҒЗИ-да медициналық қызметтердің сапасын бақылау қызметінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.

2015-2017 жылдары ҚР ДСМ МФҚБК бас сарапшы лауазымында жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары Алматы қ. ҚДБ 7 Қалалық клиникалық ауруханасы ШЖҚ МКК-де ұйымдастыруәдістемелік жұмыс жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, емхана бойынша бас дәрігердің орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.

2019-2022 жылдарыәлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры қызметін атқарды.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Денсаулық сақтау ісінің үздігі төсбелгісімен марапатталған.

2023 жылғы 02 маусымнан бастап Алматы қ. ДСБ 11 Қалалық емхана ШЖҚ КМК директорының м. а. лауазымын атқарды. 2023 жылғы 12 шілдеде Бақылау кеңесінің шешімі негізінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Алматы қ. ДСБ 11 Қалалық емхана ШЖҚ КМК директоры болып тағайындалды.