Назар аударыңыз!
ШЖҚ «№11 қалалық емхана» КМК Алматы қаласы Жетісу ауданының ересектер мен балаларға бір мезгілде бастапқы медициналық-санитарлық көмек, кеңестік-диагностикалық, оның ішінде мамандандырылған көмек көрсетеді.
Емханада келесі бөлімшелер бар:
- №1,2,3 ЖТД бөлімшелері
- Әйелдер кеңесі бөлімшесі
- №1,2 мамандандырылған бөлімшелер
- №1,2 педиатрия бөлімшелері
- Клиника-зертханалық қызмет бөлімшесі
- күндізгі стационар
- оңалту бөлімшесі
- стоматология бөлімшесі
- балалар денсаулығын қорғау орталығы
- алдын алу және әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі.
Бізде жоғары білікті мамандар жұмыс істейді: 3 медицина ғылымының кандидаты, 12 денсаулық сақтау саласының үздігі, 2 дәрігер «Алтын дарігер» Қазақстан дәрігерлер мен фармацевтер қауымдастығының атағына ие болды, дәрігерлеріміздің 56% кәсіби санатқа ие.
Емханада күн сайын 20-дан астам мамандықтың дәрігерлері қабылдау жүргізуде.
- сурдолог,
- уролог,
- кардиолог,
- невропатолог,
- окулист,
- травматолог,
- хирург,
- ревматолог,
- фтизиатр,
- отоларинголог,
- онколог,
- гастроэнтеролог,
- нефролог,
- эндокринолог,
- дерматолог,
- инфекционист,
- пульмонолог.
Емхана Италия, Ұлыбритания, Швейцария, Ресей сияқты жетекші елдердің соңғы үлгідегі жабдықтарымен және аппараттарымен жабдықталған, бұл сапалы медициналық көмек көрсету және дәлірек кәсіби диагностикалау мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді:
- ЛОР-комбайн – бұл бірден дұрыс диагноз қоюға және техникалық күрделі диагностика мен емдеу процедураларын барынша дәл орындауға мүмкіндік беретін әртүрлі функциялар жиынтығы бар автоматтандырылған қондырғы.
- «Тонзилор» – құрылғысы ультрадыбыстық тербелістердің энергиясын пайдаланатын соңғы қатардағы вакуумдық құрылғысы болып табылады. Сонымен қатар, жуу процедурасы кезінде тіндер төмен жиілікті фонофорез әдісін қолдана отырып, арнайы препараттармен сіңдіріледі.
- аппараттық жылу терапиясы (Биоптрон),
- аудиометрия – есту өткірлігін өлшеу, әртүрлі жиіліктегі дыбыс толқындарына есту сезімталдығын анықтау. Зерттеуді дәрігер-сурдолог жүргізеді.
- стоматологиялық және панорамалық бейнелеуге арналған рентгендік аппаратура
- тредмил сынағы – жүректің ишемиялық ауруын диагностикалау үшін кардиологияда кеңінен қолданылатын диагностикалық әдістердің бірі болып табылады.
ЕМХАНАДА КЕЛЕСІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ:
- 24 сағаттық ЭКГ мониторингі (Холтер мониторингі немесе ұзақ мерзімді ЭКГ жазбасы).
- Артериялық қысымды тәуліктік мониторлау (АҚТМ) .
- Ағзалар мен жүйелерді ультрадыбыстық зерттеу
- Эхокардиография – жүректің ультрадыбыстық зерттеуінің заманауи қауіпсіз әдісі.
- Маммография – бұл сүт безі қатерлі ісігін анықтауға арналған сүт безінің рентгені. Маммография сүт безі қатерлі ісігін өте ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, ол оңай емделеді және өмірге қауіп төндірмейді.
- Спирография – бұл өкпенің вентиляциясын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштерді алуға мүмкіндік беретін функционалды зерттеу әдісі.
- Электроэнцефалография (ЭЭГ) – мидың биоэлектрлік белсенділігін жазу арқылы оның функционалдық күйін зерттеудің инвазивті емес әдісі.
- Ағзалар мен жүйелердің рентгендік диагностикасы.
Созылмалы жұқпалы емес аурулары бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында артериялық гипертензия, қант диабеті және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бойынша ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) пилоттық түрде жүзеге асырылуда.
№11 емхана басшылығы емхана жұмысын ұтқыр, үздіксіз, көп емделушілерге сапалы қызмет көрсететін озық инновацияларды енгізуге ұмтылуда.