«Денсаулық Фестивалі» акциясы
Салауатты өмір салты мен медицина ажырамас бір бүтін ұғым.
«Денсаулық фестивалі» акциясы аясында медицина қызметкерлері арасында жеткілікті дене белсенділігінің маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру, медицина қызметкерлерін дене белсенділігімен айналысуға жұмылдыру және де олардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында емхана дәрігері №11 Қалалық емхана қызметкерлері арасында волейбол ұйымдастырып, өткізді.
Тапсырмалар:
- ДДҰ ұсынымын ескере отырып, физикалық белсенділікті арттыру арқылы медицина қызметкерлерінің денсаулығын нығайту.
- Спортты насихаттау арқылы халықтың белсенді өмір салтын насихаттау.
- Салауатты өмір салтын насихаттау, халық арасында оң өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру.