Скандинавиялық серуендеу
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, қарттар арасында дене белсенділігі мен жаяу жүруді дәріптеу мақсатында, бүгін профилактика бөлімшесінің қызметкерлері Қарттар мектебінің қатысушыларына Айнабұлақ саябағында ашық ауада жаппай дене шынықтыру жаттығуларын өткізді, сондай-ақ скандинавиялық серуендеу сабағына қатысты. Скандинавиялық серуендеу бойынша шеберлік сабағын скандинавиялық серуендеу бойынша жаттықтырушы П. Кадиров көрсетті, сабақ соңында алдын алу бөлімінің мамандары қатысушылыармен “Денсаулық” туралы әңгіме қозғады тағыда дене шынықтырудың маңыздылығын естеріне түсірді. Сондай-ақ, емхананың психологы қарттар мектебінің қатысушыларына “жақсы көңіл-күй формуласы” тақырыбында тренинг өткізді.