Жыл сайын Дүниежүзілік балалар күні 20 қарашада атап өтілед
Жыл сайын Дүниежүзілік балалар күні 20 қарашада атап өтіледі. 1959 жылы дәл сол күні БҰҰ Бас Ассамблеясы Бала құқықтары туралы Декларацияны қабылдады, ал 1989 жылы Бала құқықтары туралы Конвенция бекітілді. Бұл мереке әлемдік бауырластық пен балалардың өзара түсіністік күні, бүкіл әлем бойынша балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды қолдау күні ретінде атап өтіледі.
Бүгін 20 қарашада емхана базасында Дүниежүзілік балалар күніне орай Ашық есік күнін ұйымдастырып, өткізілді. Іс-шара барысында балаларды хирург,невропатолог,көз дәрігері, педиатр,отоларинголог сияқты үздік бейінді мамандар тексерді. Сондай-ақ, балалар қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтап, бойы мен салмағын өлшеді. Ашық есік күні соңында емхана қызметкерлері студенттермен бірлесіп емхананың мәжіліс залында салтанатты іс-шара өткізді.