Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

Ішкі еңбек тәртібі ережесі

Емхананың жұмыс тәртібі:
08.00-20.00 (дүйсенбі- жұма)
09.00-16.00 (сенбі)

Жексенбі және мерекелік күндері 09.00-16.00 дейін (бір кезекші дәрігер)

Тіркелу ережесі
(ҚР ДС және ӘДМ 2015 жылғы 28 сәуірдегі №281 бұйрығымен бекітілген)

(БМСК) азаматтарға,ұйымдарға тіркелу үшін тұрғылықты және уақытша мекен-жайы бойынша, жұмыстар,оқулар,дәрігерді еркін таңдау құқығын есепке алу, медициналық ұйымдарда бір әкімшілік аумақтың бірліктер аумағында жүзеге асырылады.

  • Азамат жыл ішінде тек бір БМСК көрсету ұйымдарында тіркеледі;
  • азаматтың емханаға тіркелгендігі туралы куәландыратын құжаты ,ұйымда медициналық тіркеушінің берген тіркеу талоны болып табылады;
  • емханаға тіркелу еркін түрдегі жазбаша өтінішінің негізінде және куәлігі арқылы жүзеге асырылады және «Электронды үкімет » Egov.kz Порталы арқылы жүзеге асырылады;
  • БМСК мекемесіне тіркелу азаматтардың өз бетінше жүгінуі бойынша жүзеге асырылады.
  • азаматтарды еркін түрде тіркеу акциясы жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында жүргізіледі;
  • емхананың қызмет көрсету аумағында тұрмайтын емханаға еркін таңдау кезінде тіркелген азаматтарға, медициналық көмек үйге қызмет көрсетпейтін азаматтарға, тегін кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде көмек көрсетіледі.

Емханаға келу үшін:

  • емханаға қаралу кезінде өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек;
  • емханаға бірінші рет келгеніңізде тіркеу орнында амбулаторлық науқастың медициналық картасы ашылады.

Емхана аумағындағы және ғимаратта ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

  • Ішімдік іщуге және құрамында спирті бар сусындарды әкелуге, ес ірткі және уытты заттармен мас болу, өзге де әрекеттерге жол берсе әрекет етуші күшіне ие заңнамада қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке тартылады;
  • Жарылғыш заттар мен улы және тұтанғыш заттарды, газды және суық қаруға
  • және басқа да айнала қоршаған ортаға қауіп төндіретін құралдар мен заттарды қолдануға;
  • Санитарлық-гигиеналық ережелер мен қағидаларды бұзу;
  • Емхана басшылығының рұқсатынсыз хабарландыру ілуге,үстелдерге,қабырғаға және басқа да жерлерге сурет салуға ,емхана мүлкін бүлдіруге;
  • Айғайлауға, шулауға,музыкалық аспаптарда ойнауға және басқа да тыныштықты бұзатын әрекеттерге жол беруге;
  • Емхана басшылығының рұқсатынсыз емхана аумағында және ғимаратта видеотүсірілімдер түсіруге және кәсіпқой кино ,фотоға түсуге;
  • Емхана аумағы мен жайларында темекі тартуға.

Пациенттердің құқықтары мен міндеттері (Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексі 91,92) Пациенттердің құқықтары
1.Пациенттің осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан басқа:

  • диагностика,емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне ;
  • қандайда бір кемсітіушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға;
  • дәрігерді немесе медициналық ұйымды, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын дәрігерді таңдауға, ауыстыруға;
  • медициналық ұйымда аудио- және бейнебақылау және жазба жүргілетіндігі туралы хабарландырылуына ;
  • медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңілдетілуіне;
  • өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиум өткізілуіне;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады.
  • Пациенттің өз құқықтары мен міндеттері, көрсететін қызметтер, ақылы қызметтердің құны туралы, сондайақ олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпарат алуға құқығы бар.
  • Медициналық көмек хабардар етілген пациенттің ерікті түрдегі ауызша немесе жазбаша келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс.
  • Пациент медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдары туралы мәліметтерді, пациентке түсінікті болатын нысандағы диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты алуына құқығы бар.
  • Пациенттің медициналық көмек алуы кезінде тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқығы бар.

Пациенттердің міндеттері

  • Өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
  • Медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
  • Диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқауларын мүлтіксіз орындауға;
  • Медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтымақтастықта болуға;
  • Диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақытылы хабардар етуге;
  • Басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға;
  • Медициналық ұйыммен жасалған шартқа сәйкес амбулаториялық деңгейде медициналық және дәрілік көмек алу кезінде тағайындалған барлық нұсқамаларды орындауға міндетті.

Емделушілердің құқықтары мен міндеттер (Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінен үзінді 91,92 бап)

Емделушінің құқықтары:

  • Диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтары құрмет көрсетілуіне;
  • Дәрігерді немесе медициналық таңдауға, ауыстыруға;
  • Емделушінің өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы ақпараттарды алуға қықығы бар.
  • Емделушінің медициналық көмек алу кезінде тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқығы бар.
  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады.

Емделушілердің міндеттері:

  • Өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
  • Медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
  • Диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты бүкіл дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
  • Медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде мдицина қызметкерлерімен ынтымақтастықта болуға;
  • Басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де міндеттерді орындауға.