8 наурыз
Ардақты және аяулы арулар!
Ардақты аналар және аяулы арулар! көктемнің шұғылалы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Нәзік жанды аруларымыздың жүректеріне жан жылуын сыйлайтын көктем мерекесінің орны біз үшін әрдайым ерекше, мәртебесі қашанда биік.
Халықаралық Әйелдер күні – ақ жаулықты аналарымыз бен апа-қарындастарымыздың отбасындағы, жалпы қоғамдағы рөлін айқындап көрсетуге ерекше мүмкіндік береді. Алып та, батыр да, дана да анадан туады. Сондықтан барлық адамзат Сіздердің алдарыңызда бас иеді.
Сіздерді көктем мерекесімен шын ықыласпен құттықтай отыра, баршаңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз. Отбасыларыңыз аман, әрбір игі істеріңіз берекелі болсын! Мереке құтты болсын!