Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй

«Ашық есік» күні

Алматы қаласының тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте кезден анықтау мақсатында «Кезекті медициналық тексеруден өт!» акциясы аясында №11 қалалық емханасында 2015 жылдың 19 қыркүйегінде сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін «Ашық есік» күні өткізді.

Сағат 9.00-де емхана қызметкерлері СӨС дәрігерімен бірге және әлеуметтік қызметкерлер «Таңертеңгі дене шынықтыру- салауатты өмір салтының негізі!» ұранымен флешмоб өткізді.

Халықты медициналық тексеруден өткізу дегеніміз- бұл ауруды ерте кезден анықтау және аурудың әрі қарай жетілуін ескерту , қауіпті факторлар мен оған жағдай жасайтын ауру түрлеріне және халықтың денсаулығын жетілдіру және нығайту скринигтік тексерулерін жасау.

Барлығы -172 адам қаралды.Оларға кәсіби мамандардан кеңес берілді.Сондай-ақ зертханалық- құралдық зерттеулер жүргізілді. Пациенттерге ақыл-кеңес берілді.