«Денсаулық Жолы» бағдарламасының аясында Скандинавиялық жүріс
13.08.2018 жылы «Денсаулық Жолы» бағдарламасының аясында №11 қалалық емхананың ұйымдастыруымен, жаттықтырушы Максим Прощенконың нұсқаулығы бойынша «Скандинавиялық жүрістің» қыр –сырларын егде жас шамасындағы ата–апаларымыздың күнделікті қатысуымен емдік дене шынықтыру іс-шарасы өтті.
Скандинавиялық жүріс омыртқаға жақсы әсер етеді. Адамның дене бітімін жақсартып, денені түзу, жинақы ұстауға септігін тигізеді.Қарт адамдарың қан тамырлары мен жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартады. Қарапайым жүрістен бұл жүрістің айырмашылығы өте көп. Бұл жүрісте жылдамдық маңызды емес, жүріп келе жатып тынығып, жаттығулар жасауға болады. Осылайша адам өзін төзімділікке, шапшаңдыққа үйретеді. Бұл спортта өзін-өзі бастан-аяқ қалыпты ұстап, жүрістің заңын бұзбаған жүргінші ғана артық салмақтан арылып, жақсы нәтижеге қол жеткізе алады.
Спорттың бұл түрі жас талғамайды. Кез келген адам айналыса береді, әрі ол үшін айтарлықтай дайындық пен көп нәрсенің қажеті жоқ. Екі таяқшаңызды қолыңызға алып, кез келген жерде жүре беруге болады. Жүрудің өз тәртібі бар. Денені тік ұстап, қолыңдағы екі таяқты кезек алға 45 градуста сермеп, соған аздап сүйене жүресің. Оң аяқ қозғалғанда сол қол жұмыс жасайды, сол аяқ қозғалғанда оң қолдағы таяққа сүйенесің. Осылайша денені тік ұстап, өкшеге салмақ салып, адымдап жүресіз. Бұрылғанда да тік бұрыласыз. Таяқша қолға ыңғайлы болу керек. Оның ұзындығын бойыңызға байланысты таңдайсыз. Қысқа немесе ұзын таяқша жүрісті бұзады.
Соңғы кезде ауданымыздағы тұрғындар скандинавиялық жүріспен әуестене бастады. Бұған себеп — №11 емхана дәрігерлерінің белсенді жұмыс жасауымен және де арнайы нұсқаушылар тұрғындарға көмектесіп, жаттығудың қыр-сырын аса үлкен ыждаҺаттылықпен үйретуінің нәтижесінде. Тіпті жасы сексеннен асқан қариялар да жаттығуға жиі келеді.
№11 емхана дәрігерлері мен қызметкерлері іс–шараны қорытындылау барысында DamuMed мобильді қосымшасы туралы ақпаратты түсіндіріп, оның маңыздылығын, тиімділігін және де ыңғайлылығын айқындады. Көмек сұрап келген қатысушыларға DamuMed мобильді қосымшасына тіркеп, жеке кәбинетіндегі қызметтерге қол жетімділігін көрсетті. Онлайн мобильді қосымшалардың (науқастың жеке кәбинеті DamuMed, Egov және де т.б.) болуы ол емхана мен халықтың арасындағы жұмыстың ыңғайлы болуы. DamuMed мобильді қосымшасымен тұрғындар жеке уақытын тиімді пайдаланып, алысқа шықпай үйде отырып дәрігердің қабылдауына жазылу, талдаулардың қорытындыларын, алдыңғы келген күндерін бақылай алады. Ұсынылған көмектердің нәтижесінде іс–шараға келген қатысушылар алғыстарын білдірді.