Халықаралық қатынастар.
2021 жылғы 20-25 желтоқсан аралығында №4 ҚКА-ның клиникалық базасында орналасқан С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КЕАҚ травматология және ортопедия кафедрасында «Травматология және ортопедиядағы диагностиканың, емдеудің және алдын алудың заманауи үрдістері» тақырыбында Түркиядан келген визитинг-профессор (уақытша оқытушылық немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарына шақырылған профессор) бағдарламасы бойынша оқыту семинары өткізілді.
Шақырылған профессор Ведат Шахин Метин Сабанджы атындағы Стамбул Сүйек аурулары оқу-ғылыми зерттеу ауруханасының бас дәрігері, сондай-ақ Бинали Йылдырым атындағы Эрзинджан Университетінің (Erzincan Binali Yildirim University) травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі болып табылады.