Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы
28 наурыз 2024 жылы Алматы қаласының №11 Қалалық емханасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңын сақтау тақырыбында семинар өткізілді. Аталған дәріс, емхана қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды.
Спикер Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың өкілі Балғынбаев Саят Сергеевич, комплаенс офицер Рабилова Айжан Тулембековна болды.