Сыбайлас жемқорлық және оған қарсы тұру тәсілдері
Бүгін “№11 Қалалық емхана” ШЖҚ МКК мәжіліс залында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілімен бірлесіп “Денсаулық сақтау мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл, алдын алу, алдын алу”тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске қатысушыларға ұғымдар түсіндірілді:
– сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар;
– пара алу;
– пара беру;
– пара ұғымына не кіреді;
– пара алу және беру үшін жауапкершілік.
Семинар-кеңестің қорытындысында пара ұсынған немесе бопсалаған жағдайда шаралар қабылдау үшін қажетті іс-әрекеттер жарияланды.