Жетісу ауданы АММ Тұмау/ЖРВИ профилактикасы бойынша өткізген іс-шаралар туралы ақпараты.
2 ақпан 2016 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданының, Жансүгіров көшесі 352 үйінде орналасқан №101 мектеп – гимназиясы оқушыларының арасында «Тұмаудың профилактикасы» тақырыбында лекция – тренинг өткізілді. Лекция – тренингті ШЖҚ №11 «ҚЕ»МКК «Жас қанат» жастар денсаулық сақтау орталығының психологы Исмуханова Назгүл Айтмурзаевна өткізді. Осы айтылған тақырып бойынша 200-ге жуық ақпараттық материалдар мен плакаттар таратылып, 200 оқушы қамтылды.