Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялар
21 қыркүйек 2015 жылы №110 орта мектебінің 8,9,10,11 сыныптарында «Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялар,олардың берілу жолдары, клиникасы және олардың профилактикасы» тақырыбы бойынша , Алматы қаласы ҚКЕ «Тері-венерологиялық диспансері» ШЖҚ дәрігері Б.У.Кенжебаева , ШЖҚ «№11 қалалық емханасы» МКК «Жас Қанат» ЖДО психологы Исмуханова Назгуль Айтмурзаевнамен бірге семинар – тренинг өткізді.Тренинг кезінде жасөспірімдерді контрацепцияның қазіргі кездегі құралдары мен әдістерімен, сондай-ақ қауіпсіз жыныстық қатынастар және керек емес жүктіліктен, ЖЖТА , ЖИТВ -инфекцияларымен таныстырды. Қатысқаны -172 оқушы.