«Дені сау ұрпақ — ел болашағы» ұранымен үстел теннисі мен шахмат ойындарынан спорттық жарыс өткізілді
Спорттық жарыс — қатысушы жақтардың өз қайрат-жігері, айла-тәсілі, тәжірибесі, шеберлігімен бір-бірінен басым түсуге бағытталған ойын тәрізді іс-әрекеті. Жарыс адамның ынта-ықылас, құмарлық-құштарлық түйсігіне әсер ететіндіктен, қатысушылардың күш-жігерін, жылдамдық, қайсарлық, төзімділік, жеңіске ұмтылушылық, өзі туып-өскен елі мен жеріне деген отансүйгіштік қасиеттерін шыңдап, қалыптастырады. 15.12.2016ж «Сапа айлығы» аясында №11 Қалалық емхана қызметкерлері ұйымдастыруымен № 101 жалпы орта білім беру мектебінде «Дені сау ұрпақ — ел болашағы» ұранымен үстел теннисі мен шахмат ойындарынан спорттық жарыс өткізілді. Емхана психологы Абилдаева А.К және әлеуметтік қызметкер Курбанова П.С. сынып жетекшілері Рахмимидинова Ш., Сулайманова Г. Және дене шынықтыру жетекшілері Манапов Р., Закирьяров А бірлесіп 10 «а», сынып оқушылары арасында үстел теннисінен, 9 «а» сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өткізді. Жарыс қорытындысымен 10 «а» сынып оқушысы Айсаров Сайдуллам үстел теннисінен бірінші орын, Исламов Ядыкар екінші орын иеленді. Шахматтан ақтық сайыста Имам Бахтияр бірінше орын, Хамраев Дильшат екінші орынды алды. Үзіліс кезінде 1«а» сынып оқушылары спорттық жаттығуларды орындау шеберлігін көрсетті.