Күндізгі стационар
Күндізгі стационар бөлімі
Күндізгі стационар бөлімі тәулік бойы стационарда емделуді қажет етпейтін, бірақ күндізгі уақытта емдік-диагностикалық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттерге стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетеді.
Күндізгі стационарда келесі аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетіледі:
- Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары: артериялық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісінен кейінгі жағдайлар.
- Тыныс алу мүшелерінің аурулары: бронхит, пневмония, бронх демікпесі, ӨСОА (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы).
- Асқазан-ішек жолдарының аурулары: асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, панкреатит.
- Жүйке жүйесінің аурулары: орталық және шеткері қанайналым бұзылыстары, мидың созылмалы ишемиясы, бас-ми жарақаттарының салдары, полинейропатиялар, невриттер, радикулиттер.
- Несеп-жыныс жүйесінің аурулары: созылмалы пиелонефрит, бүйректің несеп-тас ауруы.
- Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тін аурулары.
- Гинекологиялық аурулар.
Жұмыс кестесі
Дүйсенбі – жұма: 08:00–18:00
Сенбі: 08:00–14:00 — кезекші дәрігер жұмыс істейді
Жексенбі: демалыс күні



