Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй

Жас Қанат» Жастар денсаулық орталығы

Басшының міндетін атқарушы —
Кемелова Гульбану Турганбековна

«Жас Қанат» Жастар денсаулық орталығы 10 жастан 28 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарға репродуктивтік және психикалық денсаулық мәселелері бойынша медициналық-психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында құрылған.

Медициналық және консультациялық көмек тегін көрсетіледі және еріктілік, қолжетімділік, құпиялылық, ізгілік пен сенім қағидаттарына негізделеді. 

Орталық мамандары:

  • Уролог — Ашимов Э. А.
  • Гинеколог — Нургалиева С. А.
  • Психолог — Кемелова Г. Т.

Қызметтің негізгі бағыттары:

  • отбасын жоспарлау;
  • гинекологиялық көмек, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету;
  • психологтың консультациясы;
  • АИТВ инфекциясының алдын алу;
  • дерматовенерологтың консультациясы;
  • зиянды әдеттердің: темекі шегудің, алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарын қолданудың алдын алу;
  • әлеуметтік және құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету.

Орталық мамандарының негізгі міндеттері:

  • репродуктивтік жүйе ауруларын, психикалық денсаулық бұзылыстарын және денсаулық жағдайындағы басқа да ауытқуларды ерте анықтау мақсатында медициналық тексерулер мен диагностикалық іс-шараларды жүргізу;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және ағартушылық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
  • жасөспірімдер мен жастарға психикалық денсаулық, күйзеліс жағдайлары, отбасылық және тұлғааралық мәселелер бойынша консультация беру;
  • аурулар анықталған жағдайда жасөспірімдер мен жастарға қажетті емдеу және оңалту шараларын ұйымдастыру;
  • өмірлік қиын жағдайларға тап болған жастарға әлеуметтік қолдау алуға жәрдемдесу;
  • жасөспірімдер мен жастарға көмек көрсету кезінде еріктілік, құпиялылық, қолжетімділік және ізгілік қағидаттарын сақтау.