Жатыр мойнықа терліобырының алдын-алуға арналған Ашық есік күні өтті.
2016 жылдың қаңтардың 23-ші жұлдызында Алматы қалалық №11- емханада жатыр мойыны обырын ерте анықтау, дерттің алдын-алу мақсатында Ашық есік күні өтті.
Медицина қызметкерлері тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында емхана дәлізіне хабарландыру жазылған парақшалар іліп, сайт арқылы да ақпарат таратты. Бұған қоса дәрігерлер мен медицина мамандары қыз-келіншектерге скрингтен өтуге шақыру қағаздарын үлестірді. Обыр ауруын анықтау және қатерлі ісіктің алдын-алу шарасы аясында
32 әйел медициналық тексеруден өтті. Сондай-ақ аудан тұрғындары жатыр мойыны обыры және қатерлі ісіктен сақтану жайында кәсіби деңгейі жоғары мамандардан кеңес алып, ақысыз зертханалық тексеруден өтті.
Біздің елімізде аурудың осы түрі сүт безі қатерлі ісігінен кейін екінші орында тұр. Алматылық онкологтар жатыр мойны обырының пайда болуын және оның белең алмауына скрингтік зерттеулердің тиімді екенінен сенімді. Себебі, науқастың жатырынан ауру ертерек анықталған жағдайда одан айығып кетуге толық мүмкіндігі бар.
Дүниежүзілік кейбір деректерге сенсек, жер шарында жатыр мойыны обыры әр минут сайын бір әйелдің өмірін жалмайды екен. Қазіргі таңда Алматыда 30 мың әйел қауіпті кеселдің құрсауында және онкологтардың жіті бақылауында. Жыл сайын Қазақстанда осы аурудан 600 әйел көз жұмады. Елімізде бірнеше жылдан бері үздіксіз жүргізілген цитологиялық скринингтік шараларға қарамастан әйелдердің 15 пайызына жуығы жатыр мойыны обыры асқынып кеткен жағдайда дәрігерлік көмекке жүгінген.
Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Алматы қалалық онкологиялық орталығы, «Қатерлі ісікпен күресейік» қоғамдық қоры , Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы тұрғындарды жатыр мойыны қатерлі ісігі жайлы ақпараттандыру мақсатында жыл сайын арнайы шаралар өткізеді. Биыл да әйелдерге жатыр мойыны обырының алдын-алуға арналған шара аясында 24 қаңтардан 30 қаңтарға дейін Алматы қалалық онкологиялық орталыққа барып медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік беріліп отыр.
Ал Қалалық №11-емхананың Аурудың алдын-алу және әлеуметтік -психологиялық көмек көрсету орталығы Ашық есік күніне келген тұрғындардың барлығын жаппай медициналық тексеруден өткізді. Нәтижесінде 87 ( ер кісілермен қоса есептегенде) емделуші скрингтік зерттеуден өтті.