Босануға дайындық бойынша онлайн-кездесу
31 наурызда болашақ аналармен онлайн режимінде әңгіме-сұқбатын өткіздік. Конференция ZOOM платформасында өтті, акушер-гинеколог Д.Б. Досаева босануға дайындық мәселелерін айтты. Тақырыбы “Босанудың алғашқы белгілері” және “Босану Кезеңдері”, әр тақырып бойынша біз презентацияның слайд-шоуын дайындадық.
Психолог А.Әбілдаева қатысушылармен «Босанғаннан кейінгі депрессияны қалай болдырмауға болады?» Сұрағын талқылады және жүкті әйелдерге көмектесетін музыкалық психотерапия туралы әңгімеледі.
- Қатысқандар саны: 16 адам.
- Ұйымдастырушылар:
- Акушер-гинеколог -Досаева Д.Б.
- Психолог -Абилдаева А.К.
- СӨС Мейірбикесі- Тыныбекова М.Т.
- Психолог – Бутабаева А.Т.