Дәрігер Didier Oudet №4 қалалық клиникалық ауруханада «Бұғананың акромиальды ұшының шығуын емдеу» тақырыбында дәріс оқып, презентация өткізді.
Дәрігер Didier Oudet №4 қалалық клиникалық ауруханада «Бұғананың акромиальды ұшының шығуын емдеу» тақырыбында дәріс оқып, презентация өткізді.
Маусымның 15-інде Алматы қаласы және басқа аймақтардың травматологтары мен ортопедтері үшін шеберлік сыныбы өтті.
Дәріске Шымкент, Тараз қалаларындағы ауруханалардан әріптестер қатысты.
Дәрігер Didier Oudet пациенттерді қабылдап, консультация берді.
№4 Қалалық клиникалық аурухананың ота жасау бөлімінде 3 бірлескен ота жасалды.
1) Иық буынын қайтымды протезбен эндопротездеу;
2) Иықтың үйреншікті шығуы кезінде жасалатын Латарже отасы;
3) Айналмалы манжетті қалпына келтірумен субакриомиальды кеңістіктің артроскопиялық декомпрессиясы.
Білім беру курсын аяқтаған соң, барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды.