Сейсмикалық оқу-жаттығу
20 сәуір күні сағат 11:00-де Алматы қ. жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтті!
«Назар аударыңыздар!» бірыңғай сигналы бар хабарламадан кейін №11 қалалық емхананың қызметкерлері мен емделушілері қауіпсіз аймаққа шықты. Ғимараттан төтенше жағдайда эвакуациялау 3 минут ішінде ұйымдастырылды.
Тренинг барысында төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі түсініктері түсіндірілді, сонымен қатар алғашқы медициналық көмек көрсету туралы ақпарат берілді.
Төтенше жағдайларға дайын болу адам өмірі мен денсаулығын сақтауда маңызды.