«Ардагерлер – алтын қазына»
Халықаралық қарттар күні қарсаңында №11 Қалалық емхана базасында қарт адамдарға арналған «Ардагерлер – алтын қазына» атты ашық есік күні өтті. Келушілерге невропатолог, кардиолог, хирург, уролог, отоларинголог, эндокринолог мамандар кеңес берді және бірқатар клиникалық-зертханалық зерттеулер: қан қысымын өлшеу, ЭКГ, жалпы қан мен несеп анализі, қант пен холестеринді жедел өлшеу үшін қан анализі, көз қысымын өлшеу жүргізілді. Сондай-ақ, бұл күні алдын алу бөлімше қызметкерлері пациенттермен салауатты тамақтану, дене белсенділігі мен күнделікті дене шынықтырудың пайдасы, жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болуының негізгі факторлары туралы білім деңгейін арттыру бойынша денсаулық мектептерінде әңгімелер жүргізді. Психологтар тренингтер өткізді.