Қарттар айлығы аясында дәрігерлердің үйге келуі
Емхананың мультидисциплинарлық тобы қарт адам айлығы аясында қарт адамдардың үйлеріне барып, кешенді медициналық тексерулер жүргізді. Кардиолог, отоларинголог, хирург, неврапотолог, ЖПД дәрігері, психолог және әлеуметтік қызметкерден тұратын мультидисциплинарлық топ 30 дан аса науқастарға үй жағдайында кеңестерін берді. Сондай-ақ, қарт адамдардан үй жағдайында жалпы қан, несеп талдаулары үшін биоматериалдар алынып, ЭКГ түсірілді. Дәрігерлердің ұсынысы бойынша кей науқастарға үй жағдайында стационарлар ұйымдастырылды. Егде жастағы адамдар медицина қызметкерлеріне көрсеткен қолдауы үшін алғыстарын білдірді.