Ашық есік күні
29.08.23 ж. ҚР Конституциясы күнін мерекелеу аясында бүгін емхана базасында №11 қалалық емхананың пациенттері үшін Ашық есік күні өткізілді. Күні бойы жалпы практика дәрігерлері мен бейінді мамандар консультациялық қабылдаулар өткізді, көрсетілімдер бойынша пациенттерге зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізілді.
ҚР Конституциясы туралы білімді арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді, сондай-ақ жастайынан балалардың денсаулығын нығайту және сақтау, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын қалыптастыру, балалардың, жасөспірімдер мен ересектердің денсаулығын сақтау дағдыларын қалыптастыру, дұрыс тамақтануды, дене белсенділігін насихаттау және психологиялық және соматикалық денсаулықты сақтау туралы ақпаратты түсіндерме жұмыстары, денсаулық мектебінің пациенттеріне арналған семинар-тренингтер жүргізілді; «Біз – елдің болашағымыз!» атты флешмоб өткізілді. Салауатты өмір салты бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.