«Емшекпен емізу – балалар денсаулығының кілті!» акциясы
«Емшекпен емізу – балалар денсаулығының кілті!» акциясы аясында алдын алу бөлімінің қызметкрлері емшекпен емізу жөніндегі сарапшының қатысуымен “Босануға дайындық және емізу” тақырыбында босануға дайындық мектебінде мастер-класс ұйымдастырып өткізді.
Мастер-класста сарапшы босануға қалай дайындалу керек, сәбилерге қалай күтім жасау керек, олар бізден не күтеді және мұның бәрінде емшек сүтімен емізу маңызды рөл атқаратыны туралы заманауи ақпаратпен таныстырды. Олар босанғаннан кейінгі алғашқы минуттарда емшек сүтімен емізуді қалай сәтті ұйымдастыруға болатынын және сәтті лактацияға байланысты нәрестеге қалай күтім жасау керектігін айтты. Ары қарай мультидисциплинарлық команда босануға дайындық мектебінде кезекті сабағын өткізді. Болашақ аналар позитивті, жақсы көңіл-күймен сабақтан риза болып тарады.
Сондай-ақ, акция аясында апта ішінде алдын алу бөлімшесінің қызметкерлері семинар-тренингтер, сауалнамалар, емшек сүтімен емізу мәселелері бойынша мамандардың консультациялары, отбасылық жұптардың консультациялары, емшек сүтімен емізетін әйелді дұрыс тамақтандырудың маңыздылығы, салауатты өмір салты қағидаттары, халықты, оның ішінде балаларды профилактикалық тексеру туралы ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізді сондай – ақ денсаулық мектептерінде “босануға дайындық”, “отбасын жоспарлау”, “дені сау бала кабинеті”сабақтар өткізілді.
Дәліздерде репродуктивті денсаулық, отбасын жоспарлау, “емшек сүтімен емізудің 10 қағидатын” сақтау бойынша бейнероликтер ротацияланды.