Жеке гигиена
Жеке гигиена – денсаулықтың маңызды компоненттерінің бірі. Балаларды жеке гигиена бойынша оқытуды ерте жастан бастау керек. «Денсаулықтың алтын ережелері» ұлттық бағдарламасы аясында балалардың жеке гигиена ережелерін сақтау арқылы денсаулығын нығайтуға деген ұмтылысын қалыптастыру мақсатында емхананың СӨС дәрігері бүгін №170 балабақша балаларымен «Таза қолдар – денсаулық кепілі» тақырыбында әңгіме жүргізді, әңгімеден кейін «Таза Балалар» дидактикалық ойынын өткізді.