Халықаралық жастар күні
Халықаралық Жастар күніне орай бүгін 11 Тамызда №11 қалалық емхананың жанындағы “Жас Қанат” жастар денсаулық орталығында Алматы қаласының жасөспірімдері мен жастары үшін Ашық есік күні өтті.
Бұл күні 50-ге жуық жасөспірімдер мен жастар репродуктивті және психикалық денсаулықты сақтау бойынша Медициналық, психоәлеуметтік көмек алды.
Медицина қызметкерлері өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, ұрпақты болу жүйесінің дамуы туралы айтып берді.
Сонымен қатар, түрлі аурулардың алдын алу және олардың қауіп факторлары, атап айтқанда нашақорлықтың, темекі өнімдерін тұтынудың алдын алу мәселелері қозғалды.
Сондай-ақ “Денсаулық мектебі” , “Жастар алда” квест ойындары; “Өмірлік тепе-теңдік дөңгелектері”, “Мен және әлем”тренингтері өткізілді. Тіс ауруларының алдын алу туралы да сөз қозғалды.
Соңында жастар орталығы бойынша ақпараттық – білім беру материалдары таратылды.