Туберкулезді ерте анықтау
Туберкулездің алдын алу мақсатында бүгін емхананың СӨС дәрігері №97 ДДҰ қызметкерлеріне “Туберкулезді ерте анықтау” тақырыбында дәріс оқыды.
Туберкулез-әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың бірі.
Дүние жүзінде жыл сайын 9 миллион адам туберкулезбен ауырады. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын бір науқас бір жылда 15 адамға дейін жұқтыруы мүмкін.
Туберкулез ауруының алдын алу үшін: балаларға БЦЖ вакцинасымен уақтылы егу қажет. Жылына кемінде 1 рет флюорографиялық тексеруден өту. Жоғарғы тыныс жолдарының ауруларының жедел және созылмалы түрлерін емдеу үшін дәрігерге уақтылы хабарласыңыз. Денені қатайту және нығайту.Толық тамақтануды қамтамасыз етіңіз.