Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй

Күндізгі стационар

Күндізгі стационар бөлімінің меңгерушісі:
Сабралиева Сажида Бақтыбайқызы

Күндізгі стационар бөлімі

Күндізгі стационар бөлімі тәулік бойы стационарда емделуді қажет етпейтін, бірақ күндізгі уақытта емдік-диагностикалық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттерге стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетеді.

Күндізгі стационарда келесі аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетіледі:

  • Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары: артериялық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісінен кейінгі жағдайлар.
  • Тыныс алу мүшелерінің аурулары: бронхит, пневмония, бронх демікпесі, ӨСОА (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы).
  • Асқазан-ішек жолдарының аурулары: асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, панкреатит.
  • Жүйке жүйесінің аурулары: орталық және шеткері қанайналым бұзылыстары, мидың созылмалы ишемиясы, бас-ми жарақаттарының салдары, полинейропатиялар, невриттер, радикулиттер.
  • Несеп-жыныс жүйесінің аурулары: созылмалы пиелонефрит, бүйректің несеп-тас ауруы.
  • Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тін аурулары.
  • Гинекологиялық аурулар.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі – жұма: 08:00–18:00
Сенбі: 08:00–14:00 — кезекші дәрігер жұмыс істейді
Жексенбі: демалыс күні