Жас Қанат» Жастар денсаулық орталығы
«Жас Қанат» Жастар денсаулық орталығы 10 жастан 28 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарға репродуктивтік және психикалық денсаулық мәселелері бойынша медициналық-психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында құрылған.
Медициналық және консультациялық көмек тегін көрсетіледі және еріктілік, қолжетімділік, құпиялылық, ізгілік пен сенім қағидаттарына негізделеді.
Орталық мамандары:
- Уролог — Ашимов Э. А.
- Гинеколог — Нургалиева С. А.
- Психолог — Кемелова Г. Т.
Қызметтің негізгі бағыттары:
- отбасын жоспарлау;
- гинекологиялық көмек, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету;
- психологтың консультациясы;
- АИТВ инфекциясының алдын алу;
- дерматовенерологтың консультациясы;
- зиянды әдеттердің: темекі шегудің, алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарын қолданудың алдын алу;
- әлеуметтік және құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету.
Орталық мамандарының негізгі міндеттері:
- репродуктивтік жүйе ауруларын, психикалық денсаулық бұзылыстарын және денсаулық жағдайындағы басқа да ауытқуларды ерте анықтау мақсатында медициналық тексерулер мен диагностикалық іс-шараларды жүргізу;
- салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және ағартушылық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
- жасөспірімдер мен жастарға психикалық денсаулық, күйзеліс жағдайлары, отбасылық және тұлғааралық мәселелер бойынша консультация беру;
- аурулар анықталған жағдайда жасөспірімдер мен жастарға қажетті емдеу және оңалту шараларын ұйымдастыру;
- өмірлік қиын жағдайларға тап болған жастарға әлеуметтік қолдау алуға жәрдемдесу;
- жасөспірімдер мен жастарға көмек көрсету кезінде еріктілік, құпиялылық, қолжетімділік және ізгілік қағидаттарын сақтау.


