2026 жылғы 05–06 қазан күндері №11 қалалық емханада Қарттар күніне орай профилактикалық медициналық тексерулер, бейінді мамандардың консультациялары және егде жастағы пациенттердің үйлеріне барып медициналық көмек көрсету шаралары ұйымдастырылды.
2026 жылғы 05 қазанда емхана жағдайында егде жастағы адамдарға профилактикалық тексерулер мен медициналық консультациялар жүргізілді. Пациенттерге электрокардиография (ЭКГ) жасалып, қандағы глюкоза деңгейі анықталды. Медициналық тексерулер мен консультацияларды хирург Исламов И.А., эндокринолог Юсупова Ш.И., уролог Онгарбеков О.О., офтальмологтар Арстанбаева С.С., невропатолог Салимова Б.К. және кардиолог жүргізді.
Медициналық тексерулер барысында мамандар пациенттердің денсаулық жағдайын бағалап, шағымдарын анықтады, әрі қарай емделу, аурулардың алдын алу және диспансерлік бақылаудан өту бойынша ұсынымдар берді.
2026 жылғы 06 қазанда егде жастағы адамдардың үйлеріне барып медициналық көмек көрсету шаралары ұйымдастырылды. Пациенттердің үйлеріне кардиолог Заки М.А., офтальмолог Арстанбаева С.С., невропатолог Салимова Б.К., әлеуметтік қызметкер Базарбаева Г.Д. және психолог Серикбаева А.Г. барды. Үй жағдайында медициналық тексерулер, консультациялар және түсіндіру әңгімелері жүргізіліп, денсаулық жағдайына және әлеуметтік қолдауға қатысты ұсынымдар берілді.
Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша:
- Егде жастағы адамдарға профилактикалық медициналық тексерулер ұйымдастырылды;
- Аспаптық және зертханалық зерттеулер жүргізілді;
- Бейінді медициналық мамандардың консультациялары қамтамасыз етілді;
- Пациенттердің үйлеріне барып медициналық тексерулер жүргізілді;
- Созылмалы аурулардың алдын алу және денсаулықты сақтау бойынша ұсынымдар берілді;
- Қозғалысы шектеулі пациенттер мен егде жастағы азаматтар үшін медициналық көмектің қолжетімділігіне ерекше назар аударылды.
Аталған іс-шаралар егде жастағы азаматтардың денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға және медициналық-әлеуметтік көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталды.









