Өмірінің алғашқы үш жылындағы балалардың тамақтануы бойынша ұсынымдар
«Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ШЖҚ КМК № 11 қалалық емханасы 2026 жылғы 16 қарашада «Дені сау бала мектебінде» «Өмірінің алғашқы үш жылындағы балалардың тамақтануы бойынша ұсынымдар» тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақ барысында СӨС маманы Туруспекова Г. М., КРР кабинетінің мейіргері Салмишова А. Ж. және психолог Молдахмет А. Ғ. ата-аналармен ерте жастағы балалардың дұрыс әрі теңгерімді тамақтануының негізгі қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында балалардың туғаннан үш жасқа дейінгі тамақтану ерекшеліктері, емшек сүтімен қоректендірудің маңыздылығы, қосымша тамақты енгізу мерзімдері мен ережелері, тамақтану тәртібі, сондай-ақ балалардың күнделікті ас мәзіріне әртүрлі әрі пайдалы тағамдарды қосу қажеттілігі қарастырылды.
Ерекше назар ерте жастан бастап дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыруға, балалар тағамын дайындау және сақтау кезінде санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауға, сондай-ақ дәрумендер мен микроэлементтер тапшылығының алдын алуға аударылды.
Кездесу соңында ата-аналарға ерте жастағы балалардың толыққанды және теңгерімді тамақтануын ұйымдастыру бойынша пайдалы ұсынымдар берілді. Сонымен қатар ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды.



