Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй

2026 жылғы 17 қарашада «Қарттар мектебінде» «Асқазан-ішек жолдарының аурулары. Асқазан ауруларының негізгі белгілері (ауыздан жағымсыз иістің шығуы, жүрек айну, қыжыл, құсу, оның ішінде қан аралас құсу, іштің кебуі, ықылық, тәбеттің төмендеуі, іш қату)» тақырыбында сабақ өткізілді.

Сабақты салауатты өмір салты мамандары Жумабаева Г. Т. және Туруспекова Г. М., психолог Абилдаева А. К. және әлеуметтік қызметкер Кенбаева А. А. өткізді.

Сабақ барысында қатысушыларға асқазан-ішек жолдарының ең жиі кездесетін аурулары, олардың негізгі белгілері мен пайда болу себептері туралы ақпарат берілді.

Ерекше назар медициналық көмекке уақтылы жүгінуді қажет ететін қауіпті белгілерге, дұрыс әрі теңгерімді тамақтану қағидаларына, тамақтану режимін сақтауға, сондай-ақ ас қорыту мүшелері ауруларының алдын алу шараларына аударылды.

Қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану ережелерін сақтау және өз бетінше емделуден аулақ болу бойынша ұсынымдар берілді. Сонымен қатар ықтимал асқынулардың алдын алу және денсаулықты сақтау мақсатында дәрігерге уақтылы қаралудың маңыздылығы атап өтілді.