Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі

Зекунова Алена Ришатовна
Бөлім меңгерушісі

Аурудың алдын алу және әлеуметтік – психологиялық көмек көрсету бөлімінің негізгі міндеті – Денсаулық сақтау саласын дамыту «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «№11 қалалық емхананың» жұмысты сапалы ұйымдастыру және жүргізу.

Аурудың алдын алу және әлеуметтік – психологиялық көмек көрсету бөлімінің негізгі бағыттары болып:

I.Ұлттық скрининг компаниясының скрининг тексеруінің түрлері бойынша аурудың алдын алу іс-шараларын сапалы жүргізу.

Қатерлі ісікке ықпал ететін патологиялық өзгерістерді болдырмау үшін, сондай-ақ дамудың ерте кезеңдерінде ісіктерді анықтау үшін өту керек:

жатыр мойны обырын ерте анықтауға 30-70 жас аралығындағы әйелдерге жатыр мойны жағындысын цитологиялық зерттеу (акушергинекологтың қарауы, кольпоскопиякөрсетілімдер бойынша);

сүт безі обырын ерте анықтауға 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдерге сүт бездерін рентгенологиялық зерттеу (маммография, маммологтың, онкологтың тексеруікөрсетілімдер бойынша);

50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге колоректальды қатерлі ісікті ерте анықтау үшін нәжісті жасырын қанға тестілеу (хирургтың, проктологтың, гастроэнтерологтың тексеруі, көрсеткіштер бойынша тоқ ішек пен тік ішектің эндоскопиялық зерттеуі (колоноскопия).

II.Салауатты өмір салтын құру және енгізу жұмысы бойынша.

Денсаулық сақтау саласын дамыту «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік кешенді бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «№11 қалалық емханада» халық арасында салауатты өмір салтын құру бойынша 9 мектеп жұмыс істейді.

  • артериалды гипертония;
  • Қант диабеті мектебі,
  • Бронхтық демікпе мектебі;
  • Келешек ана мектебі;
  • Жүктілікке дайындалу мектебі;
  • Мінез-құлық факторы мектебі;
  • Отбасын жоспарлау мектебі;
  • Сау бала мектебі;
  • Қарттар мектебі.

Бұл мектептерде пациенттер салауатты өмір салты ұстанымдарын сақтауға, өздерінің аурулары туралы білімдерін жетілдіреді.

Бөлім құрамында дәрігерге дейінгі кабинет жұмыс істейді.онда дәрігердің қабылдауына дейн көмек сұрағандарға шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсетіледі.

Скринингтен өту үшін сізге профилактика және әлеуметтікпсихологиялық көмек бөлімшесіне 156, 157,158,159,160 кабинетке жүгіну қажет. 08.00 18.00, сенбі 08.00 14.00