Әйелдер кеңесі
Әйелдер кеңесі бөлімі емхананың халыққа амбулаторлық емдеу- аурудың алдын алу , акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету бөлімі болып саналады.Әйелдер кеңесі бөлімінің жұмысы қалалық кешенді бағдарламалар «Отбасын жоспарлау» , «Емшекпен емізуді қолдау және қорғау бағдарламасы», «Қауіпсіз аналық бағдарламасы»аясында жүзеге асырылады.
Бұл бөлімде өмірінің әркезеңінде әр түрлі аурулары бар әйелдерге кеңес беру, диагностика және емдеу көмегін көрсетеді ,соның ішінде :
- Жүктілігі кезінде әйелдерді бақылауға алу;
- Жүктілік кезіндегі асқынулардың алдын алу шаралары;
- Көрсеткіштері бойынша госпитолизациялау;
- Босануалды және босанудан кейінгі патронаж;
- Кіші мерзімдегі жүктілік кезінде гинекологиялық ауруларды ультрадыбыстық диагностика жасау;
- Кольпоскопиялық зерттеулер;
- Жатырішіне спиралды ендіру және алып тастау;
- Кіші ота жасау (диатермокоагуляция, диатермоэксцизия);
- Жеке әдістер және контрацепция құралдарын іріктеу,(бедеулік, жыныстық инфекция мәселелері бойынша);
- Гинеколог дәрігерінің кеңесі(бедеулік,жыныстық инфекция мәселелері бойынша).