«Денсаулықтың алтын ережелері!»
Жіті ішек инфекцияларының алдын алуға бағытталған «Денсаулықтың алтын ережелері!» ұлттық жоба аясында бүгін №11 қалалық емханада жіті ішек инфекциясының алдын алу, емшек сүтімен емізудің маңыздылығы, қауіпсіз тамақтану мен жеке гигиенаның 5 қағидатын сақтаудың маңыздылығы жайлы ақпарат беру мақсатында бейінді мамандардың қатысуымен Ашық есік күні өтті.
Консультацияны дәрігер педиатр, инфекционист, психолог жүргізіп, жіті ішек инфекцияларының алдын алу шараларына назар аудартты. Сондай-ақ, осы күні босануға дайындық және жас ана мектептерінде жіті ішек инфекциясының алдын алу туралы әңгімелер өткізілді.