Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

«Денсаулықтың алтын ережелері!»

Жіті ішек инфекцияларының алдын алуға бағытталған «Денсаулықтың алтын ережелері!» ұлттық жоба аясында бүгін №11 қалалық емханада жіті ішек инфекциясының алдын алу, емшек сүтімен емізудің маңыздылығы, қауіпсіз тамақтану мен жеке гигиенаның 5 қағидатын сақтаудың маңыздылығы жайлы ақпарат беру мақсатында бейінді мамандардың қатысуымен  Ашық есік күні өтті.

Консультацияны дәрігер педиатр, инфекционист, психолог жүргізіп, жіті ішек инфекцияларының алдын алу шараларына назар аудартты. Сондай-ақ, осы күні босануға дайындық және жас ана мектептерінде жіті ішек инфекциясының алдын алу туралы әңгімелер өткізілді.