Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

Емшекпен емізу – балалардың денсаулығының кілті!

Дүниежүзілік емшек сүтімен емізу апталығына орайластырылған ұлттық бағдарлама аясында 01 тамызда дені сау бала мектебінде бала емізетін аналарға, сондай-ақ сәбилердің келуін күтіп отырған аналарға емшек сүтімен емізу тақырыптары бойынша сабақтар өткізілді:

  • баланың дұрыс орналасуы, баланы кеудеге қою, дұрыс емізу дағдыларын қалыптастыру,
  • түнгі емізудің маңыздылығы,
  • бала емізетін ананың тамақтануы және өмір салты,
  • лактостаздың, маститтің алдын алу.

Сабақ сұрақ-жауап форматында өтті. Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Емшек сүті жаңа туған нәрестелер мен сәбилер үшін тамаша тағам ғана емес, сонымен қатар аурудың алдын алудың күшті құралы болып табылады. Ол қауіпсіз және нәрестелердің сау дамуы үшін қажетті қоректік заттармен және нәрестелерді жалпы балалар ауруларынан қорғауға көмектесетін антиденелермен қамтамасыз етеді.