Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

Емханаға азаматтардың еркін тіркеуі

2015 жылдың 15 қыркүйегінен 15 қарашасына дейін ЕНСЗ ендіру аясында аймақтардаБМСК мекемелерінетіркеу және қайта тіркеу компаниясы медицина мекемелерінде дәрігерлерді еркін таңдау принципі бойынша жүргізіледі

Медицина мекемелерінде дәрігерлерді еркін таңдау принципін жүзеге асыру мақсатында ,Қазақстан Республикасы 2009жылғы 18 қыркүйектегі «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі»Кодексінің 45 бабы 4 тармағына ,ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамуМинистрінің 2015 жылғы 28 сәуір №281 «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету Ережелері мен азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесіне тіркеу Ережесін бекіту туралы»бұйрықтарына сәйкес :

Азаматтарды БМСКмекемесіне тіркеу дәрігерлерді еркін таңдау принципі бойынша тұрғылықты мекен-жайы немесе уақытша тұратын мекені, жұмысы, оқуы медициналық мекемеге бір әкімшілік-аймақтық бірліктер бойынша тіркеледі

Азамат тек бір ғана БМСК мекемесіне тіркеледі.

БМСК медициналық мекемесіне тіркелу екі жолмен: азаматтың өзінің келуі және ғаламтор ресурстары арқылы «электрондық үкімет»www.e-gov.kz .арқылы жүзеге асырылады. Өзі келіп тіркелген кезде азамат еркін түрде өтініш жазады және жеке төлқұжаттарын ( жеке куәлігі, пас порты, туу туралы куәлігі, немесе ҚР заңнамасына сәйкес берілген басқа да құжаттар)ұсынады, БМСК жұмыс кестесіне сәйкес кез-келген күні тіркеле алады.Ал БМСК-ға «электрондық үкімет»веб -порталы бойынша тіркелу үшін ,сұраным жіберу керек, сондай-ақ жеке төл құжаты және электрондық сандық қолы керек.

Азаматтың БМСК мекемесіне тіркелуі жөніндгі куәлік құжаты болып, оның «электрондық үкімет»веб -порталы бойынша және қағаз түрінде мекемеге тіркелгендігі жөнінде берілген талоны болып табылады.

Қағаз түрінде берілген тіркелу талонын медицина мекемесінің медициналық регистраторы береді, ал электронды форматтағы тіркелу «электрондық үкімет»веб –порталы бойынша берілген электрондық құжат ретінде медициналық мекеменің электрондық сандық қолы қойылған құжат жатады.

Азаматтарды БМСК мекемесіне тіркеу бекітілген халықтың сандық нормативіне сәйкес жүзеге асырылады, ал бұл туралы ақпарат азаматтарға БАҚ арқылы жеткізіледі немесе БМСК мекемелерінде көрінетін жерлерге ілінеді.

Тіркелудің өзгеруіне байланысты тіркеу талоны БМСК мекемесіне қайтарылып беріледі, ал азаматқа БМСК мекемесінен шығу талоны қағаз түрінде беріледі.Ал «электрондық үкімет»веб -порталы бойынша тіркелген азамат ,басқа БМСК-ға тіркелу автоматты түрде жүргізіледі.

Азаматтың БМСК мекемелеріне еркін түрде тіркелуі жағдайы , осы мекеменің мамандарының үйде қызмет көрсету кезінде алдын ала келісу түрінде жүргізіледі және ол анықтама (талонында)тіркелу қағазында көрсетіледі.

Қосымша ақпараттарды сіздер мына телефондар арқылы хабарласа аласыздар : 2-52-24-44 және

2-52-21-40

Дендеріңіз сау болсын!

Бас дәрігердің орынбасары : Амурказинова А.Т

Байланыс телефондары: 2-52-57-64,2-52-42-26.