Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

Жүрек бұлшық еті инфаркті

Жүрек бұлшық еті инфаркті-бұл жүрек бұлшық еті учаскесінің өлуі.Бұл учаскеде жіті қан айналымының бұзылуы болып саналады.

Статистикалық зерттеулер көрсеткендей, жүрек бұлшық еті инфаркті 40 жастан 60 жасқа дейінгі ер азаматтарда жиі дамиды.Ал әйелдерде бұл ауру бір жарым –екі есе сирек кездеседі.

Жүрек бұлшық еті инфаркті жүрек ишемиялық аурулары(ЖИА), атеросклероз, артериалды қан қысымы көтерілетін науқастарда туындайды. Жүрек бұлшық еті инфарктінің даму қаупінің факторына темекі тарту(ол коронарлық жүрек қан тамырларының тарылуы және жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз етуін төмендетеді.),артық салмақ, дене қозғалысының белсенділігінің жетіспеушілігі.

Жүрек бұлшық еті инфарктінің себептері

Жүрек бұлшық еті жасушаларына ауа мен өнімді заттарды жеткізетін коронарлық деп аталатын арнайы бұталанған қан тамырлары жеткізеді.Жүрек бұлшық еті инфаркті сондай бір қан тамырының тромбтары бітеліп қалады(95%коронарлық қан айналым тромбы атеросклеротикалық білемелерде жасалады) .Жүрек бұлшық еті жасушаларындағы ауа қоры қанмен қамтамасыз ететін тамыр жабылғаннан кейін 10 секундқа ғана жетеді.Жүрек бұлшық еті тағы да 30 минутқа өмір сүре алады.Содан кейін жасушаларда қайталанбайтын процестер мен үшінші –алтыншы сағаттарда жүрек бұлшық етінің бұл учаскесі өледі.Өлген учаскенің мөлшеріне қарай инфаркт ірі немесе ұсақ ошақтарын бөліп алады. Егер некроз бүкіл миокарда қалыңдығын алған болса ,оны трансмуралды деп атайды.

Миокарда инфарктінің клиникалық суреті көптүрлілігімен ерекшеленеді,ол аз уақыт ішінде дұрыс диагноз қоюға қиындық туғызады.Диагноз негізгі үш критерий бойынша қойылады:

  • Әдеттегі ауырсыну синдромы
  • Электрокардиограммадағы өзгерістер
  • Жүрек бұлшық еті жасушаларының бұзылғандығын көрсететін ,қан сараптамасындағы биохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруі

Миокарда инфарктінің белгілері

Әдетте миокарда инфаркті кезінде мынандай белгілер анықталады:

  • Кеуде тұсындағы ұзақ уақыт болатын жағымсыз сезім немеесе кеуде тұсының ауруы ,сол жақ иықтағы ,қолдағы , мойын немесе арқаның сол жақ тұсындағы жағымсыз сезім .
  • Нитроглицерин қабылдағаннан кейін аурудың қоймауы;
  • Терінің қуаруы, суық тер шығу;
  • Бас айналу

Кей жағдайда осындай классикалық картина түрінде берілмейді.Адам кеуде тұсындағы жағымсыз сезім немесе кеуде тұсының ауруын немесе жүрек жұмысының шалыс соғуын сезінеді.Кейде ауру байқалмайды. Кейбір жағдайларда миокарда инфарктінде әдетте болмайтын жағдайлар кездеседі ,олар алқынып, тыныс алудың қиындауы немесе іштің ауруы.Бұндай жағдайлар диагностика жасауда қиындық туғызады.

Сіз не істей аласыз?

Егер сіз өзіңізде немесе өзіңіздің жақындарыңыздан осындай аурудың белгілерін байқасаңыз , жедел түрде жедел жәрдем шақыртуыңыз қажет.

Дәрігер келгенше алғашқы медициналық көмек көрсету керек .Адмды ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызып, нитроглицерин (оны тілдің астына салады) және корвалол(30-40 тамшы ішке) беру керек.

Инфарктің алдын алу

Миокарда инфарктінің алдын алу жыл сайынғы диспансерлеу және уақытылы созылмалы жүрек ауруының ишемиясы, қан қысымы ауруы, атеросклероз т.б аурулардың баламалы терапиясын қолдану болып табылады.

Жүректің ишемия ауруының диагнозы коронарлық ангиографияның (коронарография)көмегімен коронарлық артерия жағдайын бағалау үшін негіз бола алады.

Арнайы жасалған ренген түсірілімдері атерослеротикалық түйіндердің орналасқан жерін тура және коронарлық артерияның тарылу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Табылған тарылу көрсеткішінің болуы тамырдың ішінен созылуы мүмкін-бұл процедура коронарлық ангиопластика деп аталады.Бұдан басқа, коронарлық артерияға темір-каркас импланттау болуы мүмкін, ол тамырдың ашық күйіне жәрдем етеді.Кей жағдайларда аортокоронарлық шунтир жасау отасы жасалады,бұл аорта мен коронарлық артерияның арасына коронарлық тамырдың тарылған жеріне қосымша қан тамырын жалғай отырып, қанның жүрек бұлшық етіне баруына мүмкіндік жасау.

Жүрегіңізді сақтап, ұзақ өмір сүріңіз!