Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

Алғыс айту күні

Бүгін, 1 наурыз, көктемнің бірінші күні қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтуде. Бұл күні олар үлкен кісілерге, туыстарына, жақындарына, достарына, әріптестеріне және көмектесіп, қолдау көрсететіндердің барлығына алғыс білдіреді.

Бірақ ең бастысы, Алғыс айту күні-өткенге құрмет, депортация кезінде көрсеткен көмегі үшін бүкіл халыққа алғыс. Бұл мереке өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне деген құрмет сезімін тәрбиелейді, сондай-ақ этносаралық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.

Осы мерекеге орай № 11 Қалалық емхананың қызметкерлері халық үшін акция өткізді.

Профилактика және психоәлеуметтік көмек бөлімшесінің қызметкерлері емхананың залында флипчарттар орнатып, онда әрбір тілек білдіруші ең мейірімді, жарқын және шынайы тілек пен алғыс жаза алады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар келушілерге тәттілер сыйлады.

Бұл күні медицина қызметкерлеріне емханаға келушілер ғана емес сонымен қатар №101 мектеп-гимназиясының оқушылары сынып жетекшісімен бірге бізді арнайы құттықтауға келген кішкентай қонақтарымыз да алғыс білдірді.