Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

Белсенді ұзақ өмір сүру

Қарттар айлығы аясында алдын алу бөлімше қызметкерлері қарттар денсаулығы мектебінде семинар-тренинг өткізді. Ұзақ өмір сүрудің негізгі принципіне баса назар аударылды – бұл денені, жанды және рухты сауықтыру. Салауатты тамақтану, спортпен шұғылдану және т.б. арқылы өмір сүру ұзақтығын арттыру мәселелері қозғалды. Сондай-ақ, егде жастағы тұрғындар арасында физикалық белсенділікті насихаттау мақсатында белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде дене шынықтыру және йога сабағы өткізілді .

Егде жастағы  адамдарға арналған гимнастика – адамның денсаулығы мен негізгі мотор функцияларын сақтау тәсілі. Жаттығу тыныс алу мен қан айналымын жақсартады, иммунитетті нығайтады, көптеген жасқа байланысты аурулардың қаупін азайтады.

Құрметті егде жастағы тұрғындар сіздерді әр сейсенбі сайын сағат 11.00, 239 кабинетте өтетін қарттар мектебіне шақырамыз.