Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй

Әйелдер арасында профилактикалық онкологиялық тексерулер жүргізу.

2026 жылғы 23 қазанда әйелдер арасында сүт безі ауруларын ерте анықтау мақсатында онколог дәрігердің профилактикалық қабылдауы ұйымдастырылды.

Қабылдау барысында әйелдерге сүт бездерінің жағдайын бағалау, ықтимал патологиялық өзгерістерді ерте анықтау мақсатында профилактикалық тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар пациенттерге медициналық көрсетілімдер болған жағдайда қосымша тексерулерден өту, оның ішінде сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуін (УДЗ) жүргізу қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді.

Медициналық көрсетілімдер бойынша әйелдерге сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі жүргізіліп, анықталған өзгерістерді бағалау және әрі қарайғы тексеру тактикасын айқындау бойынша кеңестер берілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сүт безі ауруларын ерте кезеңде анықтау, онкологиялық аурулардың алдын алу және әйелдердің денсаулығын сақтау.