Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3ықшамауданы, Жұмабаев көшесі 87 үй
Алматы қаласының Бірыңғай қалалық медициналық Call-орталығы. Тел.: 8 727 300 505 (стационарлық телефон нөмірі), 13 12 (ұялы байланыс операторлары үшін).

Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу

«Ескерту. Қорғау. Егу!» ұлттық бағдарламасы аясында емхананың СӨС дәрігері № 129,137 мектеп-гимназиясының оқушыларымен, ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алуға бағытталған “Тоқта, тұмау!» тақырыбында денсаулық сағатын жүргізді. Оқушыларға тұмау мен ЖРВИ алдын алу бойынша ұсыныстар берді, ” Тағы да тұмау туралы ” атты буклеттер таратылды.

Ұлттық бағдарламаның міндеті ” Ескерту. Қорғау. Егу!”- иммунопрофилактика жайында, жеке және қоғамдық гигиена шаралары туралы, ЖРВИ, тұмаудың қауіптілігі, ауыр зардаптары туралы халықтың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты сақтау және нығайту, мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу бөлігінде (алкогольді пайдаланудың, темекі шегудің алдын алу, дұрыс тамақтануды сақтау).

Тұмаудың алдын алу ережелері:

  • Эпидемиялық маусым басталғанға дейін тұмауға қарсы екпе алыңыз.
  • Адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көліктерде болу уақытын қысқартыңыз.
  • Адамдар көп жиналатын жерлерде масканы қолданыңыз.
  • Ауру белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болыңыз, мысалы – түшкіру немесе жөтелу.
  • Қолыңызды үнемі сабынмен жуыңыз, әсіресе көше мен қоғамдық көліктен кейін.
  • Мұрын қуысын жуыңыз, әсіресе көше мен қоғамдық көліктен кейін
  • Сіз тұрған бөлмені үнемі желдетіп отырыңыз.
  • Сіз тұрған бөлмеде ылғалды тазалауды үнемі жасаңыз.
  • Сіз тұрған бөлмедегі ауаны ылғалдандырыңыз.
  • Құрамында С дәрумені бар тағамдарды мүмкіндігінше көп жеңіз (мүкжидек, лимон және т.б.).